Исатай орта мектебі, Октябрь орталау мектебі болып 1972-1973 оқу жылында мұнайшы-барлаушы балалары үшін Махамбет ауданы Гурьев облысы кезінде ашылды. Алғашында 10 мұғалім, 212 оқушы, 8 сынып комплектісі болды. 1973 жылы Амангелді участогіндегі Калинин бастауыш мектебі қысқартылып, мұғалімдері Октябрь орталау мектебіне жұмысқа ауысып келді. Олар: Жәнібеков Бердеш, Избасов Дархан, Шамахов Құрмет.
1974-1975 оқу жылынан бастап мектеп орта мектепке айналды және мектеп жанынан интернат ашылып, интернаттың алғашқы меңгерушісі Шамахов Құрмет болды. 1976-1977 оқу жылынан бастап №533 темір жол бастауыш мектебі Октябрь орта мектебіне қосылды. Мұғалімдер: Бөлекбаев Көшер, Қанатов Мақсот, Хисимов Қабиболла Октябрь орта мектебіне жұмысқа ауыстырылды. 1975-1976 оқу жылында мектепті алғаш рет 44 түлек бітіріп шықты. Бірінші түлектерден «Толқын-76» комсомол-жастар шопандар бригадасы құрылды. Мүшелері: Махатова Нәсіп, Галимуллина Жұмағыз, Аятова Пайза, Галимуллина Марфуза, Өтешов Мұрат, Шеруенов Мүсілім, Ерғалиева Сара. Жетекшісі: КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Айталиев Ғилаж. 1977 жылғы түлектерден «Жалын» комсомол-жастар бригадасын құрғандар: Қайырғалиева Назгүл, Жаспенов Қуаныш, Ғұмаров Жалғас. Жетекшісі Мұхтаров Ғайни. 1979 жылы қазан айында мектепте сынып жетекшілердің аудандық семинары өтті. «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына ие болған мұғалімдер: Шайхығалиев Аухат-1978 ж., Дөкенов Бақтығали-1979 ж., Бәбиева Жансекер-1980 ж., Фазылова Әлия-1980 ж.
Мектепке 1992 жылы Исатай Тайманұлы есімі берілді.
Қазір мектепте:
Мұғалім саны-47
Оқушы саны-356
Сыныптар саны-19
Жоғарғы санатты мұғалім-9
Бірінші санатты мұғалім-9
Екінші санатты мұғалім-11
ҚР Білім беру ісінің үздігі-1
Ы.Алтынсарин медалінің иегері-2
Жаңа типтік жобадағы 320 балалық мектептің іргетасы 2006 жылы қаланып, 2007 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді.













