Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру
Жалпы білім беретін Исатай орта мектебі 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру мекемесінде жаңадан «Қамқоршылық кеңесі» құрылатындығын хабарлайды.
Осыған орай, үміткерлер Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштаға жолдауларына болады.
Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.













